Трамп пен Зеленскийдің жеке кездесуі өте ме

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Нидерландтың Гаага қаласында Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық ұйымының (НАТО) саммиті басталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Зеленский Трамппен сөйлескенін айтты
Фото: independent.co.uk

Украина президенті Владимир Зеленский саммит қарсаңында Ұлыбританиядан Нидерландқа келген. Таңертең ол Гаагада өткен НАТО-ның қорғаныс өнеркәсібі өкілдерімен кездесуге қатысты.

Батыс басылымдарының мәліметінше, Зеленскийді НАТО көшбасшыларының ресми жұмыс сессиясына қатысудан шектеген. Мұндай шешім, болжам бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамппен ықтимал шиеленісті болдырмау үшін қабылданған.

Соған қарамастан, Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы жеке кездесу 24 маусым күні кешке - саммит қонақтарына арналған Нидерланд королінің ресми кешкі асында немесе 25 маусым күні түсте «іс-шара аясында» өтуі мүмкін.

АҚШ президенті Дональд Трамп басшылық еткен тұста Вашингтон Украинаға көрсетілетін дәстүрлі әскери көмекті қысқартып, НАТО одақтастарының қорғанысқа бөлетін шығындарын ұлғайтуға басымдық беріп келеді.

Ал Еуропа елдері мен Канада келесі жылы Украинаға қосымша 35 миллиард еуродан астам әскери көмек бөлуге уәде еткен.

Айта кетейік, Конгресс Трамптың әскери өкілеттіктері туралы қарарды бұғаттады.

Соңғы жаңалықтар