Трамп Путинмен кездесуге Анкориджге ұшты

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон маңындағы Эндрюс әскери әуе базасынан Аляска штатындағы Анкоридж қаласына Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге ұшты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Трамп Путинмен кездесуге Анкориджге ұшты
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақ үйдің баспасөз пулы ұшу алаңынан тікелей трансляция жүргізді.

Президент Трамп саммит өтетін орынға бірінші болып келіп, Ресей президенті Путинді ұшу-қону жолағында жеке өзі қарсы алады. Бұл туралы Аляска штатының губернаторы Майк Данливи Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты:

– Президент алдымен базаға жетеді, содан кейін Ресей президенті қонады. Трамп сол уақытта ұшу-қону жолағында болып, ресейлік әріптесін қарсы алуға дайын тұрады, – деді Данливи.

АҚШ президентінің баспасөз қызметі бұрын жариялаған кестеге сәйкес, екжақты іс-шаралар Анкориджде жергілікті уақытпен сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша 16 тамыз, 00:00-де) басталады.

Сондай-ақ, Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Путин мен Трамптың делегация құрамындағы келіссөздері «5-ке 5» форматы бойынша өтеді.

Кестеге сәйкес, Трамп Анкориджден жергілікті уақытпен 17:45-те (Астана уақыты бойынша 16 тамыз, 06:45-те) ұшып, Вашингтонға қайта оралады.

Аляскадағы саммитке дайындық туралы толық ақпаратты осы жерден оқуға болады.

Материал TASS агенттігінің арнайы Kazinform үшін әзірлеген серіктестік негізінде берілді.

Бұған дейін Ресей Аляска саммитінен кейін Трамптың жауап сапарын күтетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар