Трамп Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне қолдау білдірді
АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан арасындағы бірлескен қорғаныс келісімін маңызды және батыл қадам деп атады, деп хабарлайды агенттіктің Вашингтондағы тілшісі.
- Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан жақында Меккеде бірлескен қорғаныс туралы келісімге қол қойғанына өте қуаныштымын. Бұл Таяу Шығыстың біртұтастыққа айналып келе жатқанын және елдердің өздерін тиімді қорғай алатынын көрсетеді, - деді Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
АҚШ президенті үш елдің көшбасшыларын құттықтады.
- Бұл үлкен әрі маңызды қадам, - деді Трамп.
Бұған дейін Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан қорғаныс туралы үшжақты келісімге қол қойған болатын.