Трамп соңғы 11 аптада алғаш рет әлемнің ең бай 500 адамының тізіміне енді

АСТАНА.KAZINFORM - Дональд Трамп 6 тамыздан бері алғаш рет Bloomberg-тің миллиардерлер индексіне оралды. Оның медиа-стартап акциялары саяси бәс тігулер нарығындағы коэффициенттерімен қатар өсіп келеді.

Трамп
Фото: military.com

Бұрынғы президенттің байлығы сейсенбіде 6,5 миллиард долларға өсіп, оны әлемдегі ең бай 500 адам тізімінде 481-орынға орналастырды. Truth Social компаниясына иелік ететін Trump Media & Technology Group корпорациясының құны қыркүйек айының соңынан бастап үш есеге жуық өсіп, оның байлығын арттырды.

Айта кетейік, бұған дейін Маск Трампты қолдау комитетіне кемінде 75 млн доллар бөлгенін жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар