Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Пәкістан басшылығына екі ел әскери күш қолдану арқылы туындаған шиеленісті еңсеруге көмектесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Америкалық көшбасшы мұны Ақ үйде журналистермен сұхбатында растады.
— Мен олардың тоқтағанын қалаймын. Олар тоқтай алады деп үміттенейік. Соған сенеміз. Егер мен көмектесу үшін бірдеңе істей алсам, сонда боламын, - деді Трамп Нью-Дели мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың күрт нашарлауына түсініктеме беріп.
Трамп Үндістан-Пәкістан қарым-қатынасындағы шиеленістерге де тоқталды.
— Бұл қорқынышты. Мен екеуімен де (елдермен) тіл табысамын. Мен екі елді де жақсы білемін және олардың осы мәселені шешкенін қалаймын, - деп қосты президент.
Kazinform агенттігіне арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.
Еске сала кетсек, 22 сәуір күні қарулы адамдар Джамму мен Кашмир одағы аумағындағы әйгілі туристік қала — Пахалгамда террорлық шабуыл жасаған болатын. Әскери киім киген адамдар автоматтармен оқ жаудырған, 25 үнді азаматы мен 1 непалдық қаза тапты. Қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерген.
Үндістан Пахалгамдағы терактіден кейін Пәкістанға қарсы шаралар жариялады.
Үндістан Кашмирдегі Пәкістан бақылауындағы аймақтарға соққы жасағанын мәлімдеді.
Үндістан мен Пәкістан соққыларын күшейте түсті.