«Трансгендер операсынан» Ауғандағы көкнәрге дейін: Вашингтон USAID-ты неге айыптады
АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) ондаған жыл ішінде бірқатар жобаға, ешқандай бақылаусыз көп қаражат жұмсады. Мұны Ақ үй мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Шығындар мен теріс пайдаланудың бірнеше мысалы ғана ұсынылды:
- «Жұмыс топтарында және Сербияның іскер топтарында теңдік пен инклюзивтілікті ілгерілету» үшін $1,5 млн
- Ирландияда «DEI [Әртүрлілік, теңдік және инклюзия] мюзиклі» қойылымына $70 000
- Вьетнамға арналған электрлі машиналарға $2,5 млн
- Колумбиядағы «Трансгендер операсы» үшін $47 000
- Перудегі «Трансгендер комиксі» үшін $32 000
- Гватемаладағы жыныс ауыстыру мен «ЛГБТ белсенділігі» үшін $2 млн
- Мысыр туризмін қаржыландыруға $6 млн
- Ухань зертханасындағы зерттеулерге үлес қосқан EcoHealth Alliance-қа миллиондар бағытталды
- Сириядағы Аль-Каида (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) содырларына жүз мыңдаған порция ас жіберілді
- дамушы елдердегі «жекелендірілген» контрацептивтер мен тууды бақылау құралдарын қаржыландыру
- «Ауғанстанда бұрын-соңды болмаған көкнәр өсіру мен героин өндірісін қолдау үшін пайдаланылған суару арналарын, ауылшаруашылығы жабдықтарын және тіпті тыңайтқыштарды» қаржыландыру үшін жүздеген миллион доллар жұмсалды, бұл Талибанға пайдалы болды
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиоға USAID-ты уақытша басқару тапсырылғаны хабарланған болатын.