Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция барысында адамдарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды.

Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Анықталғандай, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы «жалақысы жоғары жұмыс» туралы жарнама таратқан.

Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан. Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған.

Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды.

Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды. Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Айта кетелік СҚО-да жыл басынан бері есірткіге қатысты 40-қа жуық дерек тіркелген еді.

Соңғы жаңалықтар