ЦАХАЛ-дың резервтегі әскери қызметкері палестиналық тұтқындарды ұрып-соққаны үшін түрмеге жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль әскери соты палестиналық тұтқындарға қатыгездік көрсеткені үшін аға сержант Исраэль Хаджибиді жеті айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ВВС. 

ЦАХАЛ-дың резервтегі әскери қызметкері палестиналық тұтқындарды ұрып-соққаны үшін түрмеге жабылды
Фото: ЦАХАЛ

Ол палестиналық тұтқындарға қатысты бірнеше рет қорлау, физикалық зорлық-зомбылық және орынсыз мінез-құлық танытқаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот материалдарында сарбаздың тұтқындарды бірнеше рет жұдырығымен және мылтықпен ұрғаны айтылады.

Бұл 2024 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында Газа шекарасының жанындағы Сде-Тейман әскери базасында болды. Ол 7 қазанда ХАМАС шабуылынан кейін аймақтағы әскери операция басталған кезде палестиналықтарды ұстау орталығына айналды.

Хаджиби өткен жылдың шілде айының басында қамауға алынып, 30 шілдеде әскери прокуратура оған қарсы айып тақты.

Тергеу кезінде кейбір жағдайларда зорлық-зомбылықтың басқа сарбаздардың қатысуымен болғаны, олардың кейбіреулері Хаджибиді тоқтатуға шақырғаны анықталды.

ЦАХАЛ мәлімдемесінде оның тұтқындарды қолдары кісенделген және көздері байланған кезде ұрғаны айтылған.

Хаджиби оның кейбір әрекеттерін телефонына жазып алған. Осы жазбаларға сүйене отырып, сот зорлық-зомбылыққа бетперде киген бірнеше сарбаздың да қатысы бар деген қорытындыға келген болуы мүмкін. Олардың кім екені әлі анықталған жоқ.

Сот отырысында Исраэль Хаджиби өз кінәсін мойындады.

Сот айыпталушының әрекетін қатыгездік, ал оның адамдарға қарсы қолданған күшті ауырлататын мән-жай деп тапты, делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.

Айта кетейік, ХАМАС тағы үш израильдікті босатты.

Соңғы жаңалықтар