Цюрих әуежайы жоспарланбаған рейстерді уақытша тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM – Цюрих халықаралық әуежайы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның өткізілуіне байланысты 24 қаңтардың кешіне дейін қосалқы аэродром ретінде жоспарланбаған рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әуежайдың диспетчерлік қызметі хабарлады.
- Әуежай бүкіләлемдік уақыт бойынша сағат 16:00-ге дейін (Астана уақытымен сағат 22:00) форумға байланысты қосалқы аэродром ретінде жоспардан тыс немесе коммерциялық емес рейстерді қабылдамайды, - деп нақтылады агенттік дереккөзі.
Ол шетелдік делегациялар мен жоғары лауазымды қонақтардың көпшілігі Цюрих арқылы келетінін атап өтті.
Шетелдік делегациялар мен жоғары лауазымды қонақтардың көпшілігі Цюрих арқылы келіп отырмақ.
Дүниежүзілік экономикалық форум – жыл сайын бизнес көшбасшыларын, саяси қайраткерлерді және әртүрлі салалардағы сарапшыларды біріктіретін швейцариялық үкіметтік емес ұйым.
2026 жылдың 19-23 қаңтар аралығында өтетін кездесудің негізгі тақырыбы – «Диалог рухы». Іс-шара дүйсенбі күні кешке бірнеше «Грэмми» сыйлығының иегері Джон Батисттің өнер көрсетуімен ашылады.
Бұған дейін Дональд Трамп «Әлем кеңесі» жарғысына 22 заңтар күні Давоста қол қоюды жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз.
Ұйымның тұрақты мүшесі мәртебесін алу үшін АҚШ әкімшілігі мемлекеттерден алғашқы жыл ішінде кемінде 1 млрд доллар көлемінде жарна аударуды талап етіп отыр.