«Тұран» командасына бас бапкер тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Түркістандық «Тұран» командасы бас бапкері қызметіне Виталий Жуковский тағайындалды.  

«Тұран» командасына бас бапкер тағайындалды
Фото: «Тұран» футбол командасы

В. Жуковский 1984 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2010 жылы беларустік «Ислочь» командасының бас бапкері болып бастады.

2015 жылы аталған ұжым Белорус бірінші лигасының жеңімпазы болды. 2020 жылы сол елдегі БАТЭ клубының тізгінін ұстап, чемпионаттың күміс медалі мен кубок иегері атанды.

2022 жылдан қазақстандық «Атырау» клубының тізгінін ұстап, былтыр команда Қазақстан кубогының финалына жетті. Ел біріншілігінде жетінші орынға тұрақтады.

Ал «Тұран» командасы былтыр ел біріншілігінде он екінші орынды місе тұтты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Константин Горовенко «Атырау» командасының бас бапкері болды.

Соңғы жаңалықтар