Тұрғындар өміріне қауіп төнсе, алдын ала хабарлаймыз – Серік Шәпкенов

АТЫРАУ –  KAZINFORM  – Су тасқынынан тұрғындар өміріне қауіп төнер болса, алдын ала хабарланады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті.

Атырау облысының жедел штабы
Фото: Атырау облысының жедел штабы

Облыс әкімінің айтуынша, 1994 жылғы су тасқынынан кейінгі 30 жылда өзендердегі су азайып, түп тереңдету жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген. 

Атырау облысының жедел штабы
Фото: Атырау облысының жедел штабы

«Бөгеттер нығайтылмаған, жағалаудың кейбір тұсында мүлдем алынып тасталған. Судан қорғау аймағынан ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін жер телімдері берілген. Өзен арналары тазартылмады. Бұл жұмыстардың барлығын өңірге тасқын су келгенге дейін атқаруымыз керек еді», - деді Серік Шәпкенов.

Оның пікірінше, табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялаудың бірнеше мақсаты бар. Біріншіден, су тасқынына тиімді дайындықты ұйымдастыру. Екіншіден, техникалар мен жабдықтар тарту, үшіншіден ғылыми зерттеулер жүргізу, өңірдегі өзен жағалауларын нығайту мақсатында жарияланған.

«Егер су тасқынынан облыс тұрғындарының өміріне нақты қауіп төнер болса, біз бұл туралы алдын ала хабарлаймыз», - деп атап өтті Серік Шәпкенов.

Еске сала кетелік бұдан бұрын Атырау облысында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар