13:24, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі бойынша баспана тапсыруда Ақтөбе облысы екінші орында - өңір әкімі
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі аясында баспана тапсыру бойынша елімізде екінші орында тұр.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған өңірдің әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті. «Біз биыл 68 мың шаршы метрді тапсырамыз. Осы бағытта өңір Астанадан кейін екінші орында тұр. Біз 1759 пәтерді пайдалануға береміз, ал Астанада 2 мыңнан сәл астам тапсырылады»,-деп тоқталды А. Мұхамбетов. Әкімнің сөзіне қарағанда, 2012 жылы тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі бойынша барша республикаға берілген 4,9 млрд. теңге займның 47 пайызы Ақтөбе облысының үлесінде.