11:43, 03 Қазан 2017 | GMT +5
Турист ақы төлемес үшін отельдің 19-қабатынан сым арқылы қашпақ болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда мейманхана номерінің ақысын төлегісі келмеген турист 19 қабатты үй биіктігіндегі сым арқылы басқа ғимаратқа жетіп, қашып кетуге шешім қабылдаған.
Бұл жайлы «Жэньмин жибао» жазды. Оқиғаның видеосы YouTube арнасында жарияланған. Видеода туристің керілген сым арқылы бөлмеден шығып бара жатқаны көрсетілген. Бірнеше секундтан кейін ол тепе-теңдігін жоғалтып, сымға асылып қалады. «Акробаттың» жерге түсуіне құтқарушылар және өрт сөндірушілер көмектескен. Артынша оны полиция қызметкерлері қамауға алды. Енді оған мейманхана бөлмесі үшін ғана емес ірі көлемдегі айыппұлды қоса төлеуіне тура келеді.