Turkish Airlines әуе компаниясы 13 жылдан кейін Дамаскіге ұшатын рейсті қайта іске қосты

АСТАНА.KAZINFORM – Turkish Airlines әуе компаниясының сириялық жолаушылар мінген ұшағы соңғы 13 жылда алғаш рет бейсенбі күні Дамаск халықаралық әуежайына қонды. Бұл туралы Сирияның мемлекеттік САНА ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Turkish Airlines әуе компаниясы 13 жылдық үзілістен кейін Дамаскіге ұшатын рейсті қайта іске қосты
Фото: Pixabay

Әуежайда өткен баспасөз мәслихатында Сирия Сыртқы істер және экспатрианттар министрінің көмекшісі Ахмад Духан рейстердің қайта жандануын құптап, «Түркия үкіметі мен халқына Сирия халқымен бірге болғаны үшін» алғыс айтты.

Ахмад Духан екіжақты қарым-қатынас «тамырының тереңдігін» ерекше атап өтіп, тікелей әуе қатынасын қалпына келтіруді «жаңартылған ынтымақтастықтың бастауы» екенін және еліне абыроймен оралғысы келетін шетелдегі сириялықтар үшін үміт сәулесі екенін айтты. 

Turkish Airlines компаниясының бас директоры Билал Экши рейстердің қайта басталуы Сирияның, оның халқының және бүкіл аймақ мүддесіне қызмет ететінін айтты.

Дамаскіге түрік әуе компаниясымен келген Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмаз әуе қатынасының қайта жандануын «тарихи сәт» деп атап, оның Дамаскті бүкіл әлеммен қайта байланыстыратынын баса айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін 52 мыңнан астам босқын Түркиядан Сирияға оралғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар