Түркістан облысында 200-ге жуық полицей марапатталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Қазақстан полициясы күніне» 27 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жеңіс саябағында өткен жиынға Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков пен аппарат жетекшілері, жеке құрамы мен ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметтік міндеттері орындау кезінде қайтыс болған тәртіп сақшыларының жақындары мен туған-туыстары және басқа құрметті қонақтар қатысты.null

Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиынға қатысушылар қиын да қауіпті қызмет бабында қаза тапқан батыр полицейлерді еске алып, даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды. Жаңадан жұмысқа қабылданған жас полиция қызметкерлері ант қабылдап, ардагерлерді марапаттау рәсімі өтті. Арнайы даярлық және жұмылдыру басқармасының сақшылары қылмыскерлерді ұстау кезіндегі іс-қимылдарын көрсетіп, жиналғандарды өздерінің мықтылығымен тәнті етті. null

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев полицейлерді мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Мерекелік шара сондай-ақ, Түркістандағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Онда өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін бірқатар полицейлер марапатталды. Атап айтқанда, ҚР ІІМ тарапынан 15 полицейге түрлі дәрежедегі марапаттар ұсынылса,ТО ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков 30-дан астам полицейге грамота табыс етті. 40-қа жуық қызметкерді алғыс хатпен марапаттап, 50 тәртіп сақшысына алғыс жариялады.null

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хатымен, мәслихат атынан, Нұротан партиясы тарапынан, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ атынан алғыс хаттар алды. Бұдан бөлек, Департамент бастығының бұйрығымен кейбір полицейлердің тәртіптік жазалары алынып тасталды.

Салтанатты іс-шара соңы дарынды полицейлер мен облыстық эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.
null

null

Соңғы жаңалықтар