Түркия Meta компаниясын сотқа бермек

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Ұлттық білім министрлігі Meta компаниясына қарсы сотқа талап-арыз түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Report.

Түркия Meta компаниясын сотқа бермек
Фото: Report

Бұл туралы Түркияның Ұлттық білім министрі Юсуф Текин мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде балалардың жасына сәйкес келмейтін контенттің жариялануы олардың оқу үлгерімі мен тұлғалық дамуына кері әсер етеді.

— Басқа елдердегідей, біз де осы негіздер бойынша сот процесін бастаймыз, — деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Meta компаниясына 1,4 триллион доллар айыппұл салынуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Meta балалардың қауіпсіздігіне қатысты талаптарды реттеу үшін 17 млрд доллар төлеуге келісті. 

Ал кеше АҚШ-тың Нью-Мексико штатының соты Facebook пайдаланушыларын жеке деректерін қорғау мәселесінде жаңылыстырғаны үшін Meta Platforms компаниясын 25 млрд доллар төлеуге міндеттеді.