Түркия президенті қазақ офицеріне диплом табыстады

АНКАРА. KAZINFORM – Түркия Республикасының астанасы — Анкарада Жандармерия және жағалау күзеті Академиясы түлектерінің салтанатты шығарылымы өтті. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркия Президенті Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады
Фото: Ұлттық ұлан

Түлектер қатарында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланынының тоғыз жас офицері де бар.

Түркия Президенті Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады
Фото: Ұлттық ұлан

Іс-шараның мәртебелі қонағы ретінде Түркия Республикасының Президенті қатысты. Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ұланның лейтенанты Асхат Сұлтанахметке Академия дипломын өз қолымен табыстады. Бұл оқиға Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды.

Түркия тарапының ресми шақыруы бойынша салтанатты рәсімге еліміздің құқықтық тәртіп әскерінен арнайы делегация қатысты. Делегацияны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков бастап барды.

Түркия Президенті Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады
Фото: Ұлттық ұлан
Түркия Президенті Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады
Фото: Ұлттық ұлан

Сапар барысында қазақстандық өкілдер Жандармерия және жағалау күзеті Академиясының жеке құрамды даярлау жүйесімен және заманауи әскери білім беру әдістемелерімен танысты. Сонымен қатар делегация Жандармерияның Логистика қолбасшылығында, арнайы мақсаттағы JÖAK бөлімшесінің оқу орталығында, сондай-ақ байланыс электрондық жүйелері мен ақпараттық жүйелерді басқару орталығын көрді.

Түркия Президенті Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады
Фото: Ұлттық ұлан
Түркия Президенті Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады
Фото: Ұлттық ұлан

Сапар барысында Аңсаған Скендірұлы Жандармерияның бас қолбасшысы армия генералы Али Чардакчымен кездесті.

Түркия Президенті Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады
Фото: Ұлттық ұлан
Түркия Президенті Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады
Фото: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның бас қолбасшысының Түркияға сапары әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам.

Бұл сапар тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен Түркия Жандармериясы арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға жол ашты. 

Айта кетелік әскерге шақырылғандарды көшеден ұстап әкетуге тыйым салынғаны жөнінде жазған едік

Соңғы жаңалықтар