Түркия үшінші Иран зымыранын атып түсіргенін мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM - Иран аумағынан ұшырылып, Түркияның әуе кеңістігіне кірген баллистикалық зымыран Шығыс Жерорта теңізінде орналасқан НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелеріні күшімен жойылды.
Бұл туралы Түркия Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап AFP агенттігі хабарлады, деп жазады BBC.
Бұған дейін Түркияның оңтүстігіндегі Адана қаласына жақын орналасқан, өңірдегі НАТО-ның маңызды нысандарының бірі саналатын «Инжирлик» әскери әуе базасында әуе дабылы қосылғаны туралы Anadolu агенттігі жазған болатын. Аталған базада америкалық әскери күштер орналасқан.
НАТО-ның әуе қорғаныс жүйелері 4 наурыз күні Ираннан ұшырылған деп болжанған алғашқы баллистикалық зымыранды атып түсірген. Ал екінші зымыран дүйсенбі күні залалсыздандырылған.
Тегеран бұл оқиғаларға қатысы барын жоққа шығарған еді. Жұма күні Иранның Анкарадағы елшілігі де мәлімдеме жасап, Түркия бағытына «бірде-бір зымыран ұшырылған жоқ» деп мәлімдеді.
Осыған дейін Түркияда Ираннан ұшырылған баллистикалық оқ-дәрі жойылғаны туралы жаздық.
Ал Иран Түркияға «зымыран шабуылдарын» тексеру үшін бірлескен топ құруды ұсынды.