Түркияда 4 магнитудалы жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Түркияда Токат қаласының Сұлусарай ауданында түнгі сағат 1:24-те магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Анадолы агенттігіне хабарлады.

Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) сайтындағы ақпаратқа сәйкес, эпицентрі Сұлусарай ауданында болған 4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы 7,2 шақырым тереңдікте орналасқан.
Еске сала кетейік, 10 тамызда Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды. Салдарынан құтқарушылар қирандылар астынан бір адамды алып шықты. Өкінішке қарай қария қаза тапты. Тағы шамамен 10 тұрғын үй қирады.
Соңғы үш күн ішінде Түркиядағы сейсмикалық белсенділігі жоғары Сындыргы аймағында 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелді. Балыкесирдегі жер сілкінісі Түркияға сейсмикалық қауіп-қатерді тағы бір еске салды. Ал сарапшылар қалаларды нығайту бойынша шұғыл шаралар қабылдауды талап етіп жатыр.