Түркияда 4,1 балл қуатымен жер сілкінді

Хатай провинциясының Антакья аймағында 4,1 магнитудасымен жер сілкінісі тіркелді. Kazinform бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

жер сілкінісі
Фото: pexels.com

Апаттар және төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес тербеліс жергілікті уақыт бойынша сағат 21:24-те болған. Ошағы Антакья аймағында орналасты, тереңдігі – 9,19 шақырым.