Түркияда үш күнде 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Сындыргы ауданы үш күн ішінде сейсмикалық белсенділіктің күшеюін бастан өткерді. Мұнда 900-ге жуық жер сілкінісі болған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Түркияда үш күнде 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелді
Фото: Анадолы

Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, 10-12 тамыз аралығында Балыкесир провинциясының Сындыргы ауданында жалпы 879 жер сілкінісі тіркелді.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, жер асты дүмпулерінің басым көпшілігі шамамен 745,  магнитудасы 3,0-ден аз болған және тұрғындардың көпшілігі сезбеген. Дегенмен, 120 жер сілкінісінің күші 3,0-3,9, ал тағы 17-сі 4,0-4,9 балға жеткен.

Түркияда үш күнде 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелді
Фото: Анадолы

Соңғылары жергілікті халық арасында алаңдаушылық тудырды: дүмпулер айқын сезіліп, тұрғындар үйлерінен шығып кетті, себебі ықтимал қирау мен қайталанған сілкіністерден қауіптенді.

Билік жағдайды бақылауда ұстап отыр және азаматтарды сабыр сақтауға, ресми хабарламаларды қадағалауға және қайталама сейсмикалық оқиғаларға дайын болуға шақырып отыр.

Түркияда үш күнде 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелді
Фото: Анадолы

AFAD мамандары мұндай белсенділік аймақтағы жер қыртысы жарықтарындағы кернеудің әсері болуы мүмкін екенін және Түркияның әлемдегі ең сейсмикасы жоғары аймақтардың бірінде орналасқанын еске салады.

Қазіргі уақытта сейсмикалық белсенділік аймағында үйлері жарамсыз деп танылған тұрғындар арнайы тұрмыстық контейнерлерге орналастырылып жатыр.

Түркияда үш күнде 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелді
Фото: Анадолы

Бұған дейін Балыкесирдегі жер сілкінісі Түркияға сейсмикалық қауіптің өзектілігін еске салған еді. Сарапшылар қалаларды нығайту бойынша шұғыл шаралар қабылдауды талап етіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар