Түркияда жер сілкінісінен қираған ғимараттарға жауаптылар жазаланады - министр

None
ДИЯРБАКЫР. Анадолы-ҚазАқпарат - Жер сілкінісіне ұшыраған провинциялардағы ғимараттарды салған және қабылдап алған жауапты адамдарға қатысты тергеу басталды. Бұл жайында Түркияның Әділет министрі Бекир Боздағ мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Министр Боздағ Диярбакырдың Бағлар ауданындағы құтқару жұмыстарымен танысты.

Оның сөзіне сенсек, қазір келген шығынды есептеу жұмысы жүріп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады.

Бүгінгі күнге дейін судьялар мен прокурорлар кеңесі жер сілкінісі аймақтарындағы сот процестерін басқару үшін 206 прокурорды тағайындаған.

Бекир Богздағтың айтуынша, Түркиядағы ғимараттардың құлауына немқұрайдылық әкелуі мүмкін, сондықтан барлық жауапты адамдар жазаланады.

«Біз бұл сот процестерін бүкіл халық болып мұқият қадағалаймыз. Немқұрайлық танытқандар жауапқа тартылады», - деді министр.

AFAD дерегіне сәйкес, 6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болған.

Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

8 ақпанда түрік елінде 5,4 магнитудасымен тағы бір сілкініс тіркелді.

Еске салайық, Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні Газиантепке аттанған болатын. Мамандарымыздың екінші тобы Газиантепке кешке кешқұрым жетті.

Қазір Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтар іздестіріліп жатыр. Оның бірі – Сабина Мамадьярова 8 ақпан күні кешке аман-есен табылды.

Фото: Anadolu Agency


Соңғы жаңалықтар