Түркияда жойқын жер сілкінісінен бір адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында болған 6,1 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Hürriyet.

Один человек погиб из-за землетрясения в Турции
Фото: Видеодан скрин

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая 81 жастағы тұрғынның қазасын растады. Ол қираған ғимараттың астынан құтқарушылар алып шыққаннан кейін көз жұмған.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 300-ден астам маман мен 79 техника жұмылдырылған.

Еске салайық, 10 тамыз күні жергілікті уақытпен 19:53-те Түркияның батысында жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның ошағы Балыкесир провинциясындағы Сындыргы ауданында орналасқан. Жерасты дүмпуінің тереңдігі шамамен 11 шақырымды құраған.

Аталған аймақта 20 афтершок (кейінгі дүмпулер) тіркелді.

Соңғы жаңалықтар