23:05, 07 Ақпан 2023 | GMT +5
Түркиядағы қазақстандықтар зардап шеккендерге көмек қорын ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда тұратын қазақстандықтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек қорын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор «Шаңырақ» мейрамханасының базасында ұйымдастырылған. Қазақстандықтар, оның ішінде мейрамхана иесі Данияр Иманбеков жиналған алғашқы қаражатқа азық-түлік өнімдерін сатып алатын болады.
Балаларға көрпе, жастық, жылы киім, жөргек, азық-түлік қажет екені айтылады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандық құтқарушылар Газиантеп қаласының орталығында іздеу жұмыстарын бастап кеткен.
Түркияға 41 адамнан тұратын топ барды, оның ішінде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларынан бөлек, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де бар.