05:40, 19 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Түркияның екі провинциясында орман өртенді
АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Анталия және Мугла провинцияларында орман өртенді, деп хабарлайды REPORT.AZ

Табиғи өрт түнде Анталияның Алания аймағында және Мугладағы Милада анықталды.
Желдің әсерінен үлкен аумаққа тез тараған өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, Алатау қаласының қоқыс полигонындағы ірі өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.