Түркияның ІІМ Имамоглуны қызметінен уақытша шеттетті
АНКАРА. KAZINFORM — Түркияның ішкі істер министрлігі қамауға алынған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу мен Ыстамбұл муниципалитеттерінің екі басшысын уақытша қызметінен шеттеткен.

Бұл туралы министрлік таратқан хабарламада айтылған, деп мәлім етті Түркияның NTV арнасы.
— Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу жеке мәліметтерді заңсыз алды, пара алды және тендер тәртібін бұзды деген айыппен қамауға алынды. Конституцияның 127-бабына және «Муниципалитеттер туралы» заңның 47-бабына сәйкес, Ішкі істер министрлігі оны уақытша қызметінен шеттетті, — делінген құжатта.
Ыстамбұл Бейликдузу муниципалитетінің басшылары Мехмет Мурат Чалык пен Шишли ауданының басшысы Эмрах Шахан да уақытша жұмыстан босатылды. Олар да Имамоглуға қатысты іс бойынша қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған Ыстамбұл мэрі қамауға алынғанын хабарладық.