Түркияның Нигде провинциясында жер сілкінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияның Нигде провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Бор ауданында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

«Сенбі, 25 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 13:27-де Түркия провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жер асты дүмпулерінің эпицентрі Бор ауданында орналасқанын хабарлады. Жер сілкінісі ошағы 7 км тереңдікте орналасқан», - деп жазылған Анадолу сайтында.

Айта кетейік, бүгін Түркияның шығысы мен орталық бөлігінде, Малатия, Бингел, Сивас және Кония провинцияларында жер сілкінісі тіркелді.

Түркияның Табиғи апаттарды басқару және төтенше жағдайлар агенттігі (AFAD) эпицентрі Кахраманмарашта болған жер сілкінісі салдарынан 44 218 адам қаза тапқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар
telegram