11:01, 21 Наурыз 2023 | GMT +5
Түркияның оңтүстік-шығысында 4,1 балдық жер сілкінісі болды
АНКАРА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 18:40-та тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Түркоғлы аймағында орналасқан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Жер сілкінісінің материалдық шығыны екі триллион түрік лирасын (105 миллиард доллардан астам) құрайды. Соңғы мәліметтер бойынша Кахраманмараштағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны - 50 096. 107 204 адам зардап шекті.