16:01, 24 Қараша 2025 | GMT +5
Түрікменстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.






Еске салсақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түрікменстан Президенті Қазақстанға келетінін хабарлаған едік.
Айта кетелік Президент Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілін қабылдаған еді.