Түрікменстан ірі халықаралық форум өткізуге дайындалып жатыр
АШХАБАД. KAZINFORM – 11 қазанда Түрікменстан астанасы Ашхабадта түрікмен халқының ұлы ақыны және ойшылы Мағтымғұлұлы Фрагидің туғанына 300 жыл толуына арналған «Замандар мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» халықаралық форумы өтеді. Бұл туралы Turkmenportal жазды.

Хабарға сәйкес, форумға 10-нан астам мемлекеттің президенттері, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ), Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Ислам Ынтымақтастық Ұйымы және ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады деп күтілуде.
Форум үш жерде өтеді: Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы және ел астанасындағы «Йылдыз» және «Гарагум» қонақ үйлері.
"Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 800-ден астам журналист келеді деп күтілуде", - деп хабарлайды дереккөз.