Түркістан, Қызылорда, Тараздағы орыс мектептері қалай жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте «Түркістан, Қызылорда, Тараз қалаларында ашылатын орыстілді мектептерге сұраныс бар ма?» деген сұраққа жауап берді.

жайлы мектеп
Фото: Қызылорда обл әкімдігі

— Бұл зерттеліп-зерделенген жұмыс, аталған өңірлердегі мектептерге баласын бергісі келетін барлық азаматтардың ұсыныстарды зерттеп көрдік. Үш өңірде салынатын мектептердің әрқайсысында 1200 оқушы орны бар. Бұл бағытта әлі де жұмыстар жүргізіліп жатыр, жалпы сұраныс бар, — деп жауап берді Оқу-ағарту министрі.

Сонымен бірге, мектеп құрылысы Ресей қаражатының есебінен жүргізілсе, оқыту процесі Қазақстанның мемлекеттік стандарты шеңберінде жүргізіледі.

Айта кетейік, РФ Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына кезекті мемлекеттік сапарында «Казахстанская правда» газетіне берген мақаласында Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында орыстілді мектептер ашылатынын мәлімдеген еді.

 

Соңғы жаңалықтар