Түркістан облысында бата беру және жарапазан айтудан жарыс өтеді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Өңірде 738 мешіт бар.  

Түркістан облысында бата беру және жарапазан айтудан жарыс өтеді
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Қасиетті Рамазан айында Түркістан облысында бірқатар ауқымды шаралар іске асады. Атап айта болсақ, барлық мешітте ауызашар рәсімі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, аудан-қалаларда ақсақалдар арасында Бата беруден және жасөспірімдер арасында Жарапазан айтудан сайыстар ұйымдастырылмақ.

— Ысырапшылдыққа жол бермей, ауызашарды тойға айналдырмауды назарға алу қажет. Сондай-ақ, барлық мешіттерде оқылатын тарауық намазының кеш бітіуіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау басты назарда. Кәмелетке толмаған балалар діни ғимараттарға тек ата-аналарымен ғана баруы тиіс — деді, облыстың бас имамы Ержан қажы Төлепов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ахмет Ясауи кесенесін көруге қай елдерден туристер көп келетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар