Түркістан облысында жылыту маусымы қашан басталады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Бүгінде ақаудың алдын алу үшін жедел әрекет ету топтары құрылды.

отопление
Фото: freepik

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, жылу жүйелері ауа райына байланысты 15 қазаннан 1 қарашаға дейін іске қосылады.

• 15 қазаннан бастап – Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек, Созақ, Сайрам аудандарында;

• 25 қазанда – Кентау қаласында;

• 1 қарашаға дейін – Түркістан және Арыс қалаларында, сондай-ақ Мақтаарал, Жетісай, Отырар, Ордабасы, Сарыағаш, Сауран, Келес, Шардара аудандарында жылыту маусымы басталады.

Барлық білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелері тексеріліп, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген. Отын қоры жеткізілген.

- Түркістан облысы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына толық дайын. Жұмыстар өңірлік штабтың тұрақты бақылауына алынған. ҚР Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес аймақта жылыту маусымы 148 тәулік. Сыртқы ауаның орташа температурасы бес күн бойы +8 градустан төмендесе, жылу жүйелері іске қосылады, - делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызмет таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте жылу беру маусымы қашан басталатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар