Түркістан облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Жетісай — Жібек Жолы тас жолындағы жол көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Түркістан
Фото: Түркістан облысы ПД

«ВАЗ» маркалы автокөлік «Вольво» жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан оқиға болған жерде жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапты. 

Түркістан
Фото: Түркістан облысы ПД

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және облыс жолдарында мұқият болуға шақырады», - деді Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 2077 адам мерт болғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар