Түркістанда бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне орай 15 мамыр күні Түркістан қаласының бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

автобус
Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

— Уақытша шектеулер кезең-кезеңімен «Алтын шаршы» аумағында, Б.Батырбеков, Т.Бокин, С.Қожанов және Байбұрт көшелерінде, сондай-ақ «Керуен сарай» туристік аймағы, Б.Саттарханов даңғылы, № 11, № 32 және № 9 көшелер, Шымкент тас жолы, Есім хан даңғылы мен Әуежай тас жолында енгізіледі, — делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.

Түркістанда бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Фото: Түркістан қаласының әкімдігі

Осыған байланысты қала басшылығы тұрғындар мен қонақтарды уақытша енгізілетін шектеулерді ескеріп, жол бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Жол қозғалысын реттеу үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Бұдан бұрын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен музей-қорыққа қарасты барлық музейлер 14-15 мамыр күндері келушілер үшін жабық болатыны хабарланды.