Түркістанда суши жеген 22 тұрғын уланып қалды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы қалыпты.

суши
Фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, қалада суши жеген 55 адам уланып, ауруханаға түскен. Сондай-ақ суға піскен күрішті шикі балықпен орап жегіштердің 22-сі әлі ем-дом алып жатқан жайы бар.

Аталған жағдайға қатысты пікір білдірген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан тексеру басталғанын мәлімдеді.

- Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Оларға «Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай» диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалған, дәрі-дәрмек жеткілікті, - делінген әкімдік ақпаратында.

Айта кетейік, бұлан бұрын Түркістан облысында 102 адам туберкулез жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар