Түркістанның ескі қала аумағында пайдаланылмай тұрған ғимараттар қалай өзгереді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан қаласының ескі шаһар аумағы мен теміржол вокзалы маңындағы бірнеше тарихи ғимарат тозып, пайдаланусыз қалған. Алдағы уақытта оларды тарихи келбетін сақтай отырып, мұражай, дәмхана және мәдени-туристік аймаққа айналдыру жоспарланып отыр.

Түркістанның ескі қала аумағында пайдаланусыз қалған ғимараттар қалай өзгереді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Көне шаһардың Абылайхан көшесіндегі «Жолаушылар көлігі орталық дирекциясы» ғимаратында мұражай ашылып, келушілерге арналған дәмхана мен фудкорт орналастыру көзделген. Сол көшедегі «Бригадашылар үйі» ғимараты да қайта жаңғыртылып, теміржол саласының тарихын дәріптейтін мұражай мен шағын дәмхана ашылмақ.

Түркістанның ескі қала аумағында пайдаланусыз қалған ғимараттар қалай өзгереді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

— Тәукехан көшесінде орналасқан сәулеттік нысандар кешені де назарға алынды. Жалпы аумағы 0,42 гектар бұл аумақта 4 ғимарат орналасқан. Сонымен қатар мұнда 2500 шаршы метрлік сквер бар. Жобалық жоспарға сәйкес, ғимараттардың сәулеттік бейнесі сақталып, олар мұражай ретінде пайдаланылады және теміржол бағытындағы сквер ретінде абаттандырылады, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістанның ескі қала аумағында пайдаланусыз қалған ғимараттар қалай өзгереді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Осы орайда, облыс әкімі Нұралхан Көшеров теміржол вокзалы маңы мен ескі шаһарды аралап, тарихи нысандарды туристік және мәдени бағытта дамыту мәселесін қарады. Жобалардың жүзеге асуы қалаға келген туристер үшін жайлы орта қалыптастырып, Түркістанның туристік әлеуетін арттырмақ.

Түркістанның ескі қала аумағында пайдаланусыз қалған ғимараттар қалай өзгереді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Түркістанның ескі қала аумағында пайдаланусыз қалған ғимараттар қалай өзгереді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бұдан бұрын ғасырдан асқан Түркістан вокзалына ғылыми реставрация жасалатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар