Түрмеде Starlink интернетін орнатуға жол берген басшылар жұмыстан қуылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков Қостанай облысында адвокаттарды тергеу изоляторына өткізер кезде шалбарын шешкізіп тексереді деген мәлімдемеге түсініктеме берді.

Қазақстанда түрмедегі тұтқындар саны 7 мыңға артты
Фото: Pexels

- Тергеу жүріп жатыр. Жауапты лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Мекеме басшысының орынбасары мен департаменттің жауапты басшылары қызметінен босатылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар ішкі істер органдарынан қуылды, - деді Абай Қайырбеков.

Оқиға Павлодар облысында болған. Сотталған азамат қылмыстық атқару жүйесінің өзі отырған камераға Starlink орнату арқылы сыртқы әлеммен байланыс ұстап отырған.

Бұған дейін Қазақстанда Starlink интернетінің ай сайынғы төлемі 20-25 мың теңге болуы мүмкін екені айтылған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар