Тұтынушылар саны өскен: Қонаевта 4 жылыту қазандығы жаңартылады

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Қонаевта жылыту қазандықтарын жаңарту жоспарланып отыр.

Қонаев
Фото: Қонаев әкімдігі

Қонаевтағы «Жылу орталығының» инженері Шамиль Гумаровтың айтуынша, облыс орталығы мәртебесін алған сәттен бастап Қонаевта құрылыс жанданып, жылу энергиясын тұтынушылар саны өскен. 

- Осыған байланысты және нысанның қуатын арттыру үшін «Жылу орталығы» кәсіпорны 4 бу қазандығын ауыстыруға өтінім берді. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тендер өткізіліп, қазандықтар сатып алынды, – деді инженер.

Маман қазандықтар 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы басталғанға дейін орнатылатынын атап өтті. Сондай-ақ Шамиль Гумаров былтыр қаланың 2, 4 және 5-ықшам аудандарындағы жылу жүйелері түгел ауыстырылғанын айтты.

Айта кетейік, бүгінгі күні Қонаевта 31 255 абонент орталықтандырылған жылытуға қосылған. «Жылу орталығында» 10 қазандық бар: 6 бу және 4 су жылытқыш. Оның 5-і жұмыс істеп тұр, 4-і резервте.

Еске салайық, бұған дейін Қонаевта жаңа теміржол станциясы салынуы мүмкін екенін жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар