Тұтынушылар Tesla роботаксиіне тапсырыс бере алады
АСТАНА. KAZINFORM — Tesla роботаксиге тапсырыс беру үшін қолданылатын қосымшаны іске қосты, деп жазды АЗЕРТАДЖ.

Маусым айының соңында Tesla Техас штатының Остин қаласында роботакси қызметін іске қосты. Алғашқы сапарға шақырулар таңдаулы топқа берілген болатын, және осы уақытқа дейін қызмет тек инвесторлар мен ықпалды тұлғалар үшін қолжетімді болды.
— Robotaxi қосымшасы қазір баршаға қолжетімді, — деп хабарлады америкалық электромобиль өндірушісі Х әлеуметтік желісінде, сондай-ақ Apple қосымшалар дүкеніне сілтеме берілген.
Роботакси бағдарламасы Model Y қарапайым автокөліктерін пайдаланады, олар камералар мен датчиктермен жабдықталған. Өткен жылы таныстырылған толық автономды электромобиль Cybercab әлі әзірлену кезеңінде тұр.
Tesla қызметі тек 18 жастан асқан адамдарға рұқсат етілгенін, ал көлікке міну 13 жастан кіші балалар үшін қасында ересек жолаушы болса да тыйым салынатыны хабарланған.
Айта кетейік, Tesla сатылымы төмендеп барады.