Тұтқын күнделігі: Николя Саркозидің кітабы қашан жарыққа шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози Париждегі La Santé түрмесінде небәрі 20 күн болып, бұл уақыт аралығы кітап жазуға жеткілікті болды, деп хабарлайды BILD.

Николя Саркози
Фото: BILD

Экс-президент әлеуметтік желіде кітап 10 желтоқсанда жариялайтынын хабарлады. Кітаптың атауы «Тұтқын күнделігі» болмақ.

Саркози өзінің жазбасында кітаптан үзінділер жариялады: «Түрмеде көретін де, істейтін де ештеңе жоқ. Мен La Santé-де жоқ тыныштықты ұмытып кетемін (…). Өкінішке орай, онда барлық жер шулы».

Ештеңеге қарамастан, бұрынғы президент күш-жігерін жоғалтпаған. Ол «Шөлдегідей, түрмеде де ішкі жан дүние нығаяды» дейді.

Түрмедегі бір тұтқын француздық Le Point журналына Саркози туралы «жұмыртқаны қалай қайнатуды да білмейтінін және оны жасаудан түбегейлі бас тартатынын» айтты. Бірақ экс-президент камерада тазалақ жұмыстарын өз мойнына алған.

Саркози бостандыққа шыққаннан кейін өзін "үлгілі тұтқын" деп мәлімдеді. Ол қазір электронды білезік киіп, полицияға тексеруге барып тұрады. Экс-президент әлі күнге әйелі және қызымен өзінің миллиондаған долларлық үйінде тұрады. Оның ісі бойынша процесс аяқталған жоқ. Егер оның апелляциясы сәтсіз болса, ол өз кітабын көптеген тараулармен толықтыра алады.

Айта кетейік, Францияның экс-президенті Николя Саркози 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сот 10 қарашада оны түрмеден босатты. Алайда бұл оның жазасын өзгертпейді. Ол сот бақылауында болады. Оған елден шығуға, іс бойынша куәгерлермен немесе әділет министрімен байланысуға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар