ТЖ қызметі жер сілкінісіне байланысты Жамбыл және ОҚО тұрғындары үшін шұғыл желі ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда болған қуатты жер сілкінісін Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары сезінді.
None
None

ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жерасты дүмпулерінің Қазақстан жерінде сезілгені туралы дерек бар: Шымкент - 4 балл, Тараз - 3-4 балл шамасы. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түскен жоқ.

Жер сілкінісі фактісі бойынша шұғыл желі іске қосылды: Жамбыл облыстық ТЖД - 8-7262-51-35-75, 8-7262-51-40-67, ОҚО ТЖД - 8-7252-44-94-72, 8-7252-99-70-27, ҚР ІІМ ТЖК Астана қаласындағы дағдарыс жағдайларында басқару орталығы - 8-7172-32-32-76.

Еске сала кетейік, «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісінің хабарлауынша, бүгін, 26 қазан күні Алматы уақыты бойынша сағат 15.09-да жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала ошағы Ауғанстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстікке-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 15.2. Магнитудасы - MPV 7.2.

Тереңдігі - 150 шақырым.

Соңғы жаңалықтар
Референдум