ТЖМ ауа райына байланысты ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты көлік қозғалысына қиындық тудыруы мүмкін өңірлер тарула ақпарат таратты.

метель, смог, туман, снег, погода, автомобиль, дорога, ауа райы, қар, боран, жол
Фото: Kazinform

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, еліміздің батыс өңірінен басқа аумақтарының басым бөлігінде боран болады. Ал тұман мен көктайғақ шығыс өңірінен басқа бағыттар бойынша көлік қозғалысын қиындатуы мүмкін. Сондай-ақ оңтүстік және шығыс облыстарда секундына 15–20 метр екпінді жел тұрады. Батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Осыған дейін еліміздің кейбір қалаларында ауа сапасы нашарлайтыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум