ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары шұғыл жағдайда көмекке келді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару әуе кемесі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам елді мекенінің 1989 жылы туған тұрғыны шұғыл тасымалданды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

— Ұшу әуе кемесінің командирі Баймұса Өркен мен екінші ұшқыш Ахметов Расулбектің басшылығымен орындалды. Тікұшақты жетекші инженер Зекеев Ерсұлтан мен авиатехник Жұмабеков Асхат дайындады, — делінген хабарламада.
Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде науқас адам жедел түрде Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілген.
Еске сала кетейік, Абай облысында болған жол-көлік оқиғасына байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін әскери ұшақ жіберілгенін жазған едік.