ТЖМ қызметкерлері дәрігерлерге ШҚО-да жаңа туған нәрестені құтқаруға көмектесті

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа туған нәресте шұғыл түрде облыс орталығына ТЖМ тікұшағымен жеткізілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

ТЖМ қызметкерлері дәрігерлерге ШҚО-да жаңа туған нәрестені құтқаруға көмектесті
Фото: ТЖМ

ТЖМ «Қазавиақұтқару» экипажы Риддер — Өскемен бағыты бойынша медициналық авиация желісі бойынша ұшуды орындады.

Ұшу жаңа туған нәрестені ауруханаға жеткізу үшін ұйымдастырылды.

Экипаж бен санавиация дәрігерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтіп, кішкентай науқас медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.

Айта кетелік ТЖМ қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқарған еді

Соңғы жаңалықтар