ТЖМ қызметкерлеріне көтерме және қосымша төлемдер қалай төленеді

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша ауысқан кезде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүргені және өз мүлкін тасымалдағаны үшін жұмсалған шығындарының өтелуіне құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекітті.

әлеуметтік төлем
Фото: gov.kz

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппараты:

  • аппарат басшысы;
  • департамент, орталық бастығы;
  • департамент, орталық бастығының орынбасары;
  • дербес басқарма бастығы;
  • департамент басқармасының, орталықтың кезекші бөлімінің бастығы;
  • дербес басқарма бастығының орынбасары;
  • департамент басқармасы, орталықтың кезекші бөлімі бастығының орынбасары.

2. ТЖМ Өртке қарсы қызмет және Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеттері:

  • Комитет төрағасы;
  • Комитет төрағасының орынбасары;
  • Комитет басқармасының бастығы;
  • Комитет басқармасы бастығының орынбасары;
  • Комитеттің дербес бөлімінің бастығы.

3. ТЖМ аумақтық органдары:

  • облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық органы бастығының бірінші орынбасары;
  • облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық органы бастығының орынбасары;
  • облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық органы басқармасының бастығы;
  • қалалық, аудандық (қаладағы аудандық) аумақтық органның бастығы;
  • қалалық, аудандық (қаладағы аудандық) аумақтық орган бастығының орынбасары;
  • өрт сөндіру бөлімінің, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, өрт сөндіру бекетінің бастығы.

Аталған қаулы 28 қыркүйекте қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі көтерілегенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар