17:02, 26 Желтоқсан 2025 | GMT +5
ТЖМ тұрғындарға қар көшкініне байланысты ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM - Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінде қар көшкіні жүруі ықтимал. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
- Қардың жиналуын, мұздық кешендердің жай-күйін бағалау, сондай-ақ Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінің көшкін қаупі бар учаскелерін зерттеу мақсатында аэровизуалды ұшу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша тауларда қар жиналу процесі жалғасып жатқаны анықталды. Қардың боранға ұласуына байланысты жекелеген қар көшкіні қаупі бар учаскелерде қар көшкінінің өздігінен түсуі мүмкін, - делінген хабарламада.
Осыған дейін ШҚО-да қар көшкінінің түсірілуіне байланысты тағы да жол жабылғаны туралы жаздық.