ТЖМ Жаңа жыл қарсаңында тұрғындарға ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

а
Фото: Видеодан алынған скрин

Ведомство мәліметінше, мереке күндері өрт қаупі арта түседі. Осыған байланысты құтқарушылар азаматтарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармауды ұсынады.

Атап айтқанда, мамандар үйдегі электр сымдарының жарамдылығын алдын ала тексеруге, үй ішінде пиротехникалық бұйымдарды қолданбауға кеңес береді.

Сондай-ақ шыршаны оңай тұтанатын әшекейлермен безендірмеу, үйден шыққанда және түнгі уақытта гирляндаларды қосулы қалдырмау маңызды.

Төтенше жағдайлар қызметі розеткаларды шамадан тыс жүктемеуге, пештің жағылуын тұрақты бақылап, түтін жүретін мұржаларды күйеден уақтылы тазартуға да назар аударды.

Министрліктің хабарлауынша, өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындаған кезде азаматтар дереу 112 нөміріне хабарласуы қажет.

Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізу әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі екенін еске салды.

Айта кетейік, Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты.

Соңғы жаңалықтар