ҰБТ-дан жоғары балл алғаны үшін автокөлік сыйланды - Ақтөбе облысы

АҚТӨБЕ. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - /Самал Ендібаева/ - 2010 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балл жинаған облыстық физика-математика мектебінің екі түлегі - Әсем Боранбаева мен Үміт Ғұбай сыйлық ретінде облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың атынан жеңіл автокөлік кілтін алды.
None
None

«Жас түлек - 2010» мектеп бітіруші түлектер кешінде оқушыларға аттестат, «Алтын белгі», сыйлықтар табыс етілді.

«ҰБТ қорытындылары Ақтөбе облысы мектеп оқушыларының жоғары білім деңгейін көрсетті. Бұл - жас ұрпақтың өсіп, қалыптасуына көп жағдай жасап отырған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімінің ақталғандығы», - деді өз құттықтау сөзінде облыс әкімі.

Биылғы жылы Ақтөбе облысында 147 түлек «Алтын белгіге» ие болды, облыстағы ҰБТ орташа көрсеткіші 83,8 балл.

Соңғы жаңалықтар