ҰБТ нәтижелерін жариялауда түлектердің аты-жөнін сәйкестендіру нөмірлері алмастырады - ҚР БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін жариялау кезінде түлектердің аты-жөні көрсетілмейді, тек жеке сәйкестендірілген нөмірі арқылы ғана жарияланады, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру мен ғылым саласын қадағалау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов ОКҚ брифингінде, деп хабарлады primeminister.kz.
None
None

«Биылғы жылы өзгерістер енгізіліп, мектеп бітіруші түлектердің аты-жөндері мен олардың тест нәтижелері бұрынғыдай ілінбейді. Олар жеке сәйкестендірілген нөмірлермен алмастырылады, сондай-ақ тест тапсырушының жеке сәйкестендірілген нөмірлері пайдаланылады және олар тест тапсырардың алдында беріледі», - деді С.Нүсіпов.

Комитет төрағасының сөзінше, бүкіл әлемде тест тапсырмаларының нәтижелері жеке адамға ғана тиесілі болады да құпия сақталады.

«Бұл түлектердің де, ата-аналардың да, ұстаздардың да талап-тілектері, өйткені тест нәтижелерін ілу көпшілік арасында үлкен дүрбелең тудырады. Біреу оқып, білім алады, екіншісі оның жанында отырып, түк бітірмеген болып көрінгенімен тестіні жақсы тапсырып, жақсы ұпай жинаған болып тұрады. Бұл оқушылар арасында үлкен қобалжу тудырады», - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, ҰБТ туралы мәліметтер тек Ұлттық тестілеу орталығының сайтында және емтихан тапсыру басталғаннан кейін сағат 15.00-де ғана қолжетімді болады.

Соңғы жаңалықтар